45 жастағы Атырау тұрғыны «сөмкемде бомба бар, жарып жіберемін» деп елді қорқытты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 45 жастағы азамат «сөмкемде жарылғыш зат бар, жарып жіберемін» жалған хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда жұмысынан шығып қалған жігіт кек алу үшін «зауытқа бомба қойылды» деп хабарлағанын жазған едік.

«Полицияға кеше, 1 тамызда сағат 21:45 шамасында жарылғыш зат туралы хабар түсті. Осыған байланысты полиция қызметкерлері арнайы жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Тексеру кезінде 1976 жылы туған азаматтың «Қолымда жарылғыш зат салынған сөмке бар, жарып жіберемін» деп жалған хабар бергені анықталды. Күдікті сол сәтте мас болған», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір полицияға жалған хабар берген азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар