+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

44 мыңнан астам қазақстандық салық рақымшылығын пайдаланды

2020 жылғы 9 қаңтар 17:40
Бөлісіңіз:
44 мыңнан астам қазақстандық салық рақымшылығын пайдаланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде салық рақымшылығы басталғалы жеңілдікті 44 397 салық төлеуші пайдаланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлығыңыз білетіндей, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеуші негізгі қарыздың сомасын төлеген жағдайда есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық рақымшылық жүргізу тапсырылған болатын. Қаржы министрлігі заңнамаға түзетулер енгізіп, тиісті ішкі нормативтік құқықтық актілер әзірлеп, соның негізінде былтыр шағын және орта бизнес субъектілері үшін, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасалды. 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша берешегі бар салық төлеушілер рақымшылық науқанына ілігіп, өтеу кезінде есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылды. Салықтық рақымшылық қорытындысы бойынша, жалпы республика деңгейінде 41 183 салық төлеуші 8,3 млрд теңге сомасында берешегін өтеді. Бұл ретте, есептен шығарылған өсімақылар мен айыппұл сомасы 2,9 млрд теңгені құрады», - деп атап өтті Қаржы министрінің бірінші орынбасары.

Берік Шолпанқұловтың айтуынша, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша салықтық тексерулердің нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасауға байланысты берешегі анықталмаған салық төлеушілер де рақымшылыққа ілінген.

«Былтыр тамыз айынан бастап салық заңнамасын бұзған, алайда оны өз бетінше жойған және 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеу мерзімімен өткен салық кезеңдері үшін қосымша салық есептілігін ұсынған салық төлеушілерге де рақымшылық жасалды. Нәтижесінде 3 214 салық төлеуші рақымшылықты пайдаланып, олар 10,1 млрд теңге берешекті төлеген. Олардың 3,6 млрд теңге көлеміндегі айыппұлдары мен өсімақылары есептен шығарылды. Осылайша, салықтық рақымшылықты қолданған салық төлеушілердің жалпы саны 44 397 құрады. Төленген берешек 18,4 млрд теңгені, ал есептен шығарылған өсімақылар мен айыппұлдар 6,5 млрд теңгені көрсетті», - деп түйіндеді Берік Шолпанқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT