42 500 теңгені екінші айда алу үшін БЖТ-ны қайта төлеу қажет пе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар 42 500 теңгені екінші айда алу үшін Бірыңғай жиынтық төлемін (БЖТ) тағы төлеуі тиіс пе? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін айтылғанындай, 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемді екінші айда да алу үшін қайтадан өтініш берудің керегі жоқ. Сонымен қатар, төтенше жағдай жарияланған кезде, яғни 42 500 теңгені алар алдында БЖТ-ны аудардыңыз. 42 500 теңгені екінші айда алу үшін БЖТ-ны тағы аударудың қажеті жоқ», - деп мәлім етті ведомстводан.

Сондай-ақ министрлік келесі бір мәселеге назар аудартты.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтып жатқан азаматтар кіріссіз қалғанын растап, 42 500 теңге алу үшін БЖТ төледі. Егер азамат өзін бейресми жұмыспен қамтушы мәртебесінде қала берсе, Мемлекеттік кіріс комитеті БЖТ-ны әрі қарай төлеуді талап етуі мүмкін. Себебі 42 500 теңгені алған азамат белгілі бір кәсіппен айналысатынын айғақтап отыр. Әйтсе де, бұл мәселені қадағалау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне жатпайды», - деді ведомстводан.

Сонымен қатар министрліктің баспасөз қызметі 42 500 теңге алған ел тұрғындарына екінші ай үшін төлем қашан жасалатынын хабарлады.

«Азаматтар «әлеуметтік төлем екінші айға қашан түседі?» деп жиі сұрақ қойып жатыр. Банктерде мәселе туындап қалмаса, бекітілген ереже бойынша, бірінші төлем 20 наурыз күні түскен болса, онда екінші төлем тура бір айдан кейін, яғни 20 сәуір күні беріледі», - деп мәлім етті министрліктен.


Соңғы жаңалықтар