400 мың теңге пара алған Ақтөбенің бас экологы Нұржан Аққұл айыппұлмен құтылды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының бас экологы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 13 сәуірде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен облыстық экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылды.

Ол 12 млн теңге сомасындағы айыппұл жазасына кесілді.

Сонымен қатар, экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Нұржан Аққұл өткен жылдың 19 желтоқсанында Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталған.

Аталған параны бірінші санаттағы объектілер үшін эмиссиялардың қоршаған ортаға әсер етуіне рұқсат беруі және жалпы қамқорлық көрсету үшін алған.



Соңғы жаңалықтар