40 мыңнан астам оқушы командалық спортпен айналысады - Ерлан Қожағапанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мектеп оқушыларының спортпен айналысуы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұқаралық спортты дамытудағы бағыттардың бірі мектеп және студенттер лигаларын өткізу арқылы дамитын мектеп және студенттік спорт болып отыр», - деді Е. Қожағапанов Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырсында.

Оның айтуынша, жалпы білім беретін мектептерде спорттың әр түрлері бойынша спорт секцияларының желісі кеңеюде. Мектеп спортын дамытудың оң мысалы ретінде «Ұшқыр доп» (гандбол), «Теңбіл доп» (футзал), «Былғары Доп» (футбол), «Шұбар Доп» (волейбол), «Алтын доп» (баскетбол) сияқты жобаларды іске асыру болып саналады. Оларға жыл сайын Қазақстанның түрлі өңірлерінен 40 мыңнан астам оқушы қатысады.

«Сондай-ақ, жергілікті деңгейде 188,9 мың бала мен жасөспірім қамтылған 602 БЖК (балалар мен жасөспірімдер клубы), 119 дене шынықтыру-сауықтыру клубы (БЖДШСК) жұмыс істейді», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі отырыс барысында бұқаралық спорт өңірлердегі көптеген азамат үшін әлі де қолжетімді емес екені айтылды.

Ерлан Қожағапановтың сөзіне қарағанда, былтыр еліміздің дене шынықтыру-спорт қозғалысына 5,9 млн адам қатысқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар