40 адамнан тұратын жанұя «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Павлодар облысында  14 жанұя «Мерейлі отбасы» аталымы үшін бақ сынады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 52 үміткердің ішінен қазылар алқасы 13 отбасын таңдап алды.



М. Катаев атындағы оқушылар сарайының фойесінде қатысушылардың отбасылық альбомдарынан жетістіктері мен шығармашылық жұмыстары жайлы хабар беретін көрме ұйымдастырылды.

«Әрбір адамның жүрегінде отбасы ерекше орын алатыны белгілі», - деді облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев. Бүгінде қатысып отырған әр отбасы ерекше. Мысалы, Ғабдулғазизовтар жанұясының әулеті денсаулық сақтау саласында жүз жылдан астам уақыт еңбек еткен. Отбасы мүшелерінің еңбек өтілін санайтын болсақ, дәл осындай сан шығады. Олардың басым бөлігі - Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада жұмыс істейтін дәрігерлер".



 Екібастұздан келген Плахиндер шаңырағында да «Екібастұз станция ГРЭС-2» АҚ-дағы қызметімен байланысты дәл осындай еңбек өтілі бар.

Шарбақты ауданының тоғыз бала тәрбиелеп отырған Левченко отбасы да зор құрметке лайық. Олардың алтауын өз бауырларына басып алған.

Качир ауданының Багаевтер отбасылық ансамблі облыстық шығармашылық байқауларда бірнеше дүркін жеңімпаз атанған.



Баянауыл ауданының Әдепбаевтар отбасының музыкамен байланысы бар. Отағасы Амангелді аға Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Алтын кітабына ауыл шаруашылығы саласындағы еңбегі үшін енгізілген.



- Жолдасым дүние салған кезде ең кенже он бірінші баламыз әлі тумаған еді, - дейді Бикен апа. - Біздің ұрпақты немерелеріміз бен шөберелеріміз жалғастыруда. Әкесінің ізімен төрт ұлы мал шаруашылығында еңбек етіп, жеке шаруа қожалықтарын ашқан".

 Май ауданының Қазанғаповтар отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанып, сахна төріне 31 адам шықты. - Алматы мен Астанадан барлығы Павлодарға келе алмады, - дейді Майгүл Қазанғапова. - Мен - отбасындағы ең үлкен қызбын. Ата-анам алты бала тәрбиелеген. Әкеміз Әзім Мұқанұлы - тыл еңбеккері, өмір бойы жүргізуші болып жұмыс істеген. Анам екеуі үнемі бізді еңбекқорлыққа, үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтін».

 Бүгінде Қазанғаповтар отбасында ұстаздар мен есепшілер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, мал шаруашылығында жұмыс істейтіндер бар. Олардың барлығын Малайсарыдағы үй біріктіреді. Жеңімпаз отбасыға диплом мен 100 мың теңгеге «Сулпак» сауда үйіне сертификат берілді. Енді олар Астанада өтетін «Мерейлі отбасы» байқуында өңір намысын қорғайды. 

Соңғы жаңалықтар