+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

4 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 4 сәуір 07:00
Бөлісіңіз:
4 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2020 жылғы 4 сәуірге арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Веб-мастерлер күні

Веб-шеберлер мейрамын атап өту үшін осы күннің таңдалуы тегін емес. Нақтылап қараса 4.04 цифрлары 404 санын (интернет-парақша табылмады деген жазу) еске түсіреді. Веб-мастер немесе сайттың «басқарушысы» веб-сайт және интернеттегі корпоративтік қосымшаны жасаумен айналысады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1930 жылы ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) алқасының үкімімен Ахмет Байтұрсынов бастаған қырыққа жуық адам әртүрлі мерзімдерге қамалуға, жер аударылуға кесілді. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мырзағали Есболов, Хәлел Ғаббасов, Дінмұхамед Әділов, Жүсіпбек Аймауытов, Ғазымбек Бірімжанов Әбдірахман Байділдин, Асқар Дулатов, Теміржан Есмағамбетов, т.б. (барлығы 20 адам) ату жазасына кесілді. Ол үкім кейін он жыл мерзімге лагерьде жазасын өтеуге ауыстырылды.

1933 жылы БКП (б) Аймақтық комитетінің кейбір құрылымдардағы іс-қағаздарды жүргізу барысын толықтай қазақ тіліне көшіруді қарастырған қаулысы жарық көрді. Олардың қатарына Қазақ Республикасының Орталық атқару комитеті, Денсаулық сақтау жөніндегі халық комиссариаты, Ағарту халық комиссариаты, Әділет халық комиссариаты (Жоғарғы сот пен прокуратура) және Жұмысшы-шаруа милициясы кірді.

1992 жылы Алматыда ТМД елдерінің мемлекеттік қауіпсіздік және барлау органдарының арасындағы ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге қол қойылды.

1994 жылы «Қазақстан телеарнасы және радиосы» республикалық корпорациясы құрылды.

1994 жылы Корей Халық Демократиялық Республикасында «Сәуір көктемі» атты халықаралық фестиваль өтті. Онда «Отырар сазы» ансамблі (жетекшісі - Нұрғиса Тілендиев) бірінші орын алды.

1996 жылы алғашқы Балқаш алтын құймасы алынды.

2006 жылы Мәскеудегі Чистопрудный бульварында Абай ескерткіші ашылды. Абай ескерткіші - Қазақстан халқының Мәскеу қаласына жасаған сыйлығы, жалпы құны 160 млн 800 мың теңгені құрайды. Ескерткіш жобасын қазақстандық мүсінші М.Әйнеков пен дизайнер Т.Сүлейменов басшылық жасаған авторлық топ жасаған.

2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Манкент ауылында поляк әскерлері жерленген молада ескерткіш мемориалы ашылды. Оның салтанатты ашылу рәсіміне Польшаның Азап шегу және тарихи жадыны сақтау кеңесінің бас хатшысы Анджей Кунеров пен Польшаның Қазақстандағы елшісі Яцек Ключковски бастаған Польша делегациясы қатысты.

2014 жылы Халықаралық студенттер спорты федерациясының сарапшылары (фр. Federation Internationale du Sport Universitaire, қысқаша FISU) «Сұңқар» қазақстандық трамплиндер кешенін әлемдегі үздік бес спорттық нысанның бірі деп таныды.

2018 жылы Қазнетте домендік аттарды бөлу және қолдану, оларды тіркеу ережелері бекітілді.

2019 жылы Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Селимжан Чалышкан Гарвардта білім алу грантына ие болды,


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT