4 өңірде полиция және ҰҚК департаменті басшылары ғимаратты қаруымен бірге тастап кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде күдікке ілінген күш құрылымдарының басшылары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы прокурорлар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. 5 қаңтарда Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 2 полиция департаменті мен 3 Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары өз ғимараттарын, соның ішінде қаруымен қалдырғаны белгілі. Олардың бәрі күдікті деп танылды. Осы фактілер бойынша қызмет бабындағы әрекетсіздік жөнінде 9 қылмыстық іс қозғалды», - деген Бас прокуратура өкілі Алматы әуежайында желілік полиция бөлімшесін басқарған адамның да күдікке ілінген мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 1 және 2 сәуірінде Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр», - деді Елдос Қилымжанов.


Соңғы жаңалықтар