+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

4 наурызда елге ұшақпен ПТР анықтамасыз 513 ҚР азаматы оралған

2021 жылғы 5 наурыз 12:34
Бөлісіңіз:
4 наурызда елге ұшақпен ПТР анықтамасыз 513 ҚР азаматы оралған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 4 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Испания, Венгрия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

2 621 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 108 адам, анықтамасыз 513 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 412 жолаушы, анықтамамен – 1 100, анықтамасыз - 312;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 995 жолаушы, анықтамамен - 794; анықтамасыз - 201.
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 67 жолаушы анықтамамен келген.
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 3 жолаушы анықтамамен келген.
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 144 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Айта кетейік, 2021 жылдың 3 наурызында шетелден анықтамасыз келген 356 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT