+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

4 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар бала Оңалту орталықтарында көмек алды

2021 жылғы 23 қазан 12:25
Бөлісіңіз:
4 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар бала Оңалту орталықтарында көмек алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 4 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар бала Оңалту орталықтарында көмек алды. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет Экологиялық кодекстегі бағалаудың жаңа құралдары жайында мәліметтермен бөлісті Шикізаттық емес тауар экспорты 14 млрд долларды құрады - Сұлтанов 2021 жылдың 8 айында Қазақстан экспорты 16 пайызға артты – Нұрлан Әбдіров

«Қамқорлық» корпоративтік қорының бастамаларын жүзеге асыру аясында 7 Оңалту орталығы мен Ерте араласу орталығы (Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында) базасында 3 мыңнан астам балаға медициналық оңалту жүргізілді. Аталған қордың қолдауымен 27 Оңалту орталығын (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында) ашу жоспарланған», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, бұл іс-шара балалардың барлық санатын сауықтыру және оңалтумен қамтуға мүмкіндік береді.

«2020 жылы ерекше қажеттілігі бар 4 143 бала Оңалту орталықтарында, 22 551 бала психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде, 16 112 бала логопед пункттерінде психологиялық-педагогикалық қолдау алды. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында нысандардың бейімделу сапасына мемлекеттік бақылау жүргізіледі. 2021 жылы 4 790 нысанға мониторинг жүргізілді. Бұл жоспарланған нысандардың жалпы санының 96,2 пайызын құрайды», - деп атап өтеді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT