4 мыңға жуық көлік қар құрсауынан шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақавтожол» ЖШС «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» бағыты бойынша баспасөз-турын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» бағытындағы жолдамыз. Біз қарды тазалап, көліктер жүретін жолды тазалаймыз. Биыл бір апта ішінде жауған қар мөлшері бір айда жауатын қар мөлшерімен бірдей болды және оның соңы боранға, қолайсыз ауа райына ұласты. Біз қарды полигонға тасу арқылы тазаладық. 5 шанақты бұрғылау машинасы, 2 автогрейдер, 6 құрамалы жол машинасы, сондай-ақ 2 бульдозер жұмысқа жұмылдырылды. Бульдозер қолдану арқылы басқа да аймақтардағы жолдың қарын тазалаймыз. Бізде 1089 қысқы техника бар. Республика бойынша күн сайын 800-ге жуық техника, 2500 жұмысшы жұмылдырылды», - дейді «Қазақавтожол» ЖШС бас директорының орынбасары Нұрлан Смаилов.

Жұмыс барысында жолда қалған көлік иелеріне көмек көрсетілген. Қаңтар айында 4000-ға жуық көлік қар құрсауынан құтқарылған.

«Осы ұйымда шанақты бұрғылауы бар қар тазалағыш машинамен жұмыс істеп жүргеніме 10 жыл болды. Ауысыммен жұмыс істейміз. Тамағымызды осы жерге әкеліп береді. Қазіргі уақытта «көшіп-қонып» жүрміз, сол себепті көлік ішіне қонып, 12 сағаттан жұмыс істйміз. Бульдозер қарды күресе, біз тазалап отырамыз», - дейді «Қазақавтожол» ЖШС қызметкері Бейбіт Жұмағұлов.

Сондай-ақ, баспасөз-турында тілшілер жол бойына жақын ауылдарға барды. Ауыл тұрғындары жол қызметкерлеріне алғыс айтты.

«Мұндай қыс көрмегелі көп жыл болды. Боран мен желді күндері жолды қардан тазалап отырғандары үшін «Қазавтожолға» алғыс айтқым келеді. Біздің балаларымыз, немерелеріміз мектепке осы жолмен барады. Олар қар тазалап үлгермесе де, осы жерде кезекші техника тұрады. Олар алдымен жол ашады, содан кейін барып жүретін жерді кеңейтеді», - дейді Қоянды аулыынң тұрғыны Керімхан Кенжебаев.


Соңғы жаңалықтар