+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

4 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылғы 3 қыркүйек 20:50
Бөлісіңіз:
4 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 4 қыркүйек күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді алдын алу шаралары» жобасы бойынша қорытынды дөңгелек үстел өтеді. Оның аясында Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры Нидерланды Корольдігі елшілігінің қаржылық қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарын әзірледі.

Конференция идентификаторы: 830 7170 6078, құпиясөз: 489964

10.00-де ҚР Үкіметінің Баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру шаралары туралы брифинг өтеді. Оған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов, ҚР Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, ҚР Қаржы министрі Е. Жамаубаев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М. Әбілқасымова қатысады. Брифинг онлайн режимде PrimeMinister.kz сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және «Хабар 24» телеарнасында көрсетіледі.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жастар арасында волонтерлік брендін танымал етуге арналған «АШЫҚ ЖҮРЕК» жобасы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Оған Қазақстан волонтерлері лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова, Қазақстан волонтерлері Лигасы үйлестіру кеңесінің мүшесі Әзиз Қажденбек, Нұр-сұлтан қаласындағы Қазақстан волонтерлері Лигасы филиалының директоры Сұлтан Аллабергенов, Алматы қаласындағы Қазақстанның еріктілер лигасы филиалының төрағасы Бағдат Анарбаева қатысады. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің кезекті отырысы онлайн трансляцияда өтеді. Отырысқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің, қауымдастықтардың, одақтардың өкілдері және басқа да мүдделі органдардың өкілдері қатысады.

АЛМАТЫ

10.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы өнеркәсіптік парк аумағына баспасөз турын ұйымдастырады.

11.00-де Достық үйінде ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау үшін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевпен және Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесу өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT