4 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
9.30-да «Рэдиссон» қонақүйінде Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы ашық есік күнін өткізеді.
9.30-да «Rixos President Astanа» қонақүйінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «Субконтракт Биржасы – 2019» іскерлік шарасын өткізеді.
10.00-де Нұржол бульварында «Ұмытыла бастаған және жаңа есімдерді ғылымның сан тараулы саласынан іздестіру. Қазақстан: 1960–2000 жж.» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.
15.00-де ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының қатысуымен «Астана- Энергия» АҚ нысандарында кезекті баспасөз-туры өтеді.
16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның халық суретшісі Сабыр Мәмбеевтің 90 жылдығына орай «Белгісіз Мәмбеев» атты жеке көрмесі ашылады.
19.30-да «Астана Балет» биылғы маусымның алғашқы премьерасы - Джордж Баланчиннің «Кончерто Барокко» бір актілі балетін сахналайды.
АЛМАТЫ
11.00-де «Inter Сontinental» қонақүйінде Алматы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандық қаржыгерлер форумы өтеді.
16.00-де Алматыдағы АҚШ Консулдығы және American Space in AlmatyҒарыш апталығын ашады.
16.00-де «Almaty Towers» бизнес орталығында Қазақстанның қор биржасы инвесторлар күнін өткізеді.