38 млн теңгенің маскасын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болғандар ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Коронавирус індеттің алғашқы толқыны аясында жасалған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігінен оңай олжаға кенелмек болған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ бірлескен іс-шаралары аясында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің Қазақстаннан жалпы сомасы 38 миллион теңге болатын медициналық масканың ірі партиясын контрабандалық жолмен алып өту әрекетінің жолы кесілді. Ұсталғандардың барлығы – бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған деструктивті діни ағымды жақтаушылары болып шықты. Қорғаныс маскасын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қазақстандық дәріханаларды қамтамасыз еткісі келген отандық және шетелдік кәсіпкерлерді бопсалау және алдау арқылы алған.
Бұл қылмыстық топтың ықпалымен кейбір заңға бағынатын азаматтар да шетелдік сатып алушыларды іздеумен айналысқан. Бір қызығы, қылмыстық топтың мүшелері алған қаражатты қымбат көлік мен бренд тауарлар сатып алуға, мейрамханаларға жұмсаған.
Басталған қылмыстық іс аясында деструктивті ағымдарды жақтаушылардың үшеуі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.
- Алматыда қаланың мобильділік мәселелері қалай шешіледі
- Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
- Алматы соты әлеуметтік желіде тараған "мас судьяның" видеосына қатысты тексеруді бастады
- Футбол: Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді
-
Вакцинация індетке қарсы күресте қалай көмектеседі
-
Қазақстан оқушылары халықаралық Жәутіков олимпиадасынан 90 медаль жеңіп алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам