38 градус ыстық: Тағы бірнеше өңірде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 4 шілде күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі жоғары болады. Атырау қаласында күндіз 36-38 ыстық болжанады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Синоптиктер бұған дейін Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жариялаған еді.


Соңғы жаңалықтар