36 жастағы қостанайлық коронавирус туралы жалған хабарлама таратқан – полиция

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіде COVID-19 инфекциясының тарағаны туралы жалған ақпарат таратқандарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін WhatsApp мессенджерінде Қарабалық және Денисов аудандарында короновирус инфекциясымен ауыратын науқастар туралы хабарлама тарағанын жазған болатынбыз.

«Қарабалық ауданының полициясы 36 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы, 2-бөлігі «Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол әлеуметтік желіде бір отбасының Германиядан келіп, Қарабалық аудандық ауруханасына жатқызылғанын жазған», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қарабалық ауданының полиция бөлімінің бастығы Нұржан Ахметов халықты ресми ақапартқа жүгінуге шақырады және жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Аталмыш бапта бойынша 5000 АЕК дейін айыппұл, 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.


Соңғы жаңалықтар