348 жолаушы Қазақстанға коронавирусқа анықтамасыз ұшып келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, барлығы 1 701 жолаушы ұшып келген. Олардың 1353-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 348 адам келген, барлығы – ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен - 838, анықтамасыз - 186;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 437 жолаушы, анықтамамен - 396, анықтамасыз - 41;

- Ақтөбе қаласының әуежайына - 2 рейс, 240 жолаушы, анықтамамен - 119, анықтамасыз - 121.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 348 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар