+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

«31-арнаның» бас директоры лауазымына Құрманбек Жұмағали тағайындалды

2021 жылғы 13 қыркүйек 13:27
Бөлісіңіз:
«31-арнаның» бас директоры лауазымына Құрманбек Жұмағали тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «31-арнаның» бас директоры лауазымына Құрманбек Жұмағали тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Ж. Құрманбек «Астана» телеарнасының бас директоры болып істеген..

«Жаңа телевизиялық маусымның басталуымен «31-арнаға» Құрманбек Жұмағали бастаған топ-менеджерлердің жаңа тобы келді», - деді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры және «31-арна» Бақылау кеңесінің мүшесі Ерлан Оспанов.

Жұмағали Құрманбек 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келді. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірді.

Қ. Жұмағали кәсіби мансабын «Қазақстан РТРК» АҚ телеарнасында редактор ретінде бастады, «Хабар агенттігі» АҚ-да редактор-жүргізуші, корреспондент болды.

2013-2018 жылдары Қ. Жұмағали мемлекеттік қызметте жұмыс істеді – Қарағанды облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарды, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды. 2018-2019 жылдары Қ. Жұмағали «Қазақ радиосы» ЖШС-ны басқарды, «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT