30 қыркүйекте жел күшейіп, үш өңірде үсік жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 30 қыркүйекте ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күн ашық болады.

Тек республиканың солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, жел қарқыны - 15-23 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел соғады, жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар