30 қыркүйекте елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 қыркүйекте елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде эпидемиологиялық жағдай, жылыту маусымына әзірлік, интернетке кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі.


10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.


11.00-де «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Қарағанды-Балқаш» жобасы бойынша бір күндік пресс-тур өткізеді. Жүретін бағыт: Нұр-Сұлтан - Қарағанды ​​- Нұр-Сұлтан.


11.00-де ЭКСПО аумағы, ойын алаңы қасында Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі ұйымдастырған және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін ағаш отырғызу іс-шарасы болады. Іс-шара Еуроодақтың климат дипломатиясы және #EU4GreenKZ науқаны аясында өткізіледі.


11.00-де Sheraton қонақ үйінде «Бірлік» партиясы кезектен тыс V съезін өткізеді. Іс шараға Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің барлық облысынан 100-ден астам делегат қатысады.

12.00-де «Дон Паскуале» операсының премьерасына орай баспасөз конференциясы өтеді. Өтетін орны: «Астана Опера» Камералық зал фойесі.


15.00-де «Тәуелсіздік сарайында» Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ХХІІ қалалық тіл фестивалінің жабылу салтанатын өткізеді.


15:00-де Zооm онлайн платформасында «Отбасылық медиацияны дамытудың жолдары» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Конференцияға халықаралық ұйымдардың (ЮНИСЕФ), мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ, сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері және медиаторлар, ҮЕҰ өкілдері, демография және отбасы проблемасымен айналысатын ғалымдар қатысады.


АЛМАТЫ


11:00-де Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. Қоғамдық кеңеске Zoom онлайн платформасы арқылы қатысуға болады.


АҚТӨБЕ

11:00-де «Aqtóbe - adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің «Antikor ortalygy» сервистік ғимаратында «ҚР заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мен жедел тергеу қызметінің нәтижелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.


Соңғы жаңалықтар