30 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ТМД елдерінің Әкелер одақтарынң қатысуымен республикалық әкелер форумы онлайн режимде өтеді. Шараға Қазақстанның белсенді әкелері, әлем чемпиондары, қоғам қайраткерлері, жаттықтырушылар, психологтар, журналистер мен блогерлер, Ресей мен Беларусь әкелер одағының басшылары қатысады. Форумға қатысу мына сілтемеде тіркелу керек.


10.00-де «Еріктілер жылы» аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ және ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы #BizBirgemiz акциясы аясында 10 ардагер мен мүмкіндігі шектеулі отбасыларға «Magnum» сауда орталығы ұсынған 10 азық түлік себетін таратады.


АЛМАТЫ

11.00-де «Болашақ» қауымдастығы егде жастағы азаматтар арасында волонтерлікті дамыту саласындағы маңызды оқиға - күміс волонтерлердің республикалық форумын өткізеді. Форум онлайн Zoom форматында өтеді.


Соңғы жаңалықтар