30 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 қазанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатында заң үстемдігі, қоғаммен жұмыс жөнінде тұрақты комиссия отырысы өтеді.

11.00-де Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «TALAP Talks» алаңында «Әуежайлар қызметінің тиімділігі» тақырыбында кезекті ашық талқылау ұйымдастырады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының пандемия салдарына қарсы іс-қимыл қызметі жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді. Оған ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қатысады.

15.00-де «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков аграрлық сала ғалымдары мен аграрлық ЖОО-ның оқытушыларының қатысуымен «АӨК-дегі ғылыми жетістіктерді коммерцияландыру» тақырыбында онлайн-конференция өткізеді.

15.00-де ҚР Ұлттық Музейі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастырумен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және рухани мұра» атты иллюстрациялық-кітап көрмесі өтеді.

16.00-де Қазақтілді контент жасаушыларға арналған «Қазіргі қазақстандық журналистикадағы кәсіби этика және құқық» Qazforum-2020 екінші онлайн-тренингі өтеді.

16.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде отандық танымал суретшілердің туындылары қойылған сурет галереясы ашылады.

Соңғы жаңалықтар