30 қазан күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 қазан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек солтүстік-шығысы мен шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Жекелеген өңірлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, шығыста жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстік пен шығыста сондай-ақ көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанады, түнде жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Тәулік бойы Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Түркістан облысында желдің күші 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Алматы, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Соңғы жаңалықтар