30 қарашада елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 қараша, дүйсенбі күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-да Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты алтыншы шақырылым депутаттарының кезектен тыс сессиясы басталады. Жиын Zoom платформасында онлайн өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы болады.

Тақырыбы: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының орындалу барысы.

Спикер: ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев

Көрсетілім сілтемелері: youtube.com, facebook.com .

АЛМАТЫ

14.00-де Қазақстан баспасөз клубында баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Тақырыбы: Қазақстандық заңгерлер мамандықтың монополиялануына алаңдайды: плюрализм қағидалары мен құқықтық кеңесшілер палатасының саналуандығы ревизияға тап болды.

Мекенжайы: Алматы, Самал-2 58-үй, Сәтті ЖК, 2-қабат


Соңғы жаңалықтар