30 игі іс: ШҚО-да мұқтаж жандарға азық-түлік жиынтығы таратылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі жыл басынан бері мұқтаж жандарға 10 млн теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ШҚО этномәдени бірлестіктерінің мүшелері аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуде.

Жуықта 3 баланы тәрбиелеп отырған Гүлден Елеудина мен 5 баласы бар Данира Маликоваға азық-түлік жиынтығы берілді.

«Қасиетті Рамазан айында игі істер жасау әдетке айналған. Этномәдени бірлестігіміз көптеген жылдар бойы түрлі қайырымдылық акцияларын іске асырып келеді. Соғыс ардагерлеріне, қарт адамдарға және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетудеміз», - деді шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрайымы Татьяна Кагерманова.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында өтті.

«Біз игі істерімізбен жастарды мейірімге тәрбиелегіміз келеді. Олар үшін үлгі бола білуіміз керек. Сондықтан армян мәдени орталығы барлық қайырымдылық акцияларды қолдайды», - деді армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Степанян Анушаван.

Айта кетейік, осы жылдың басынан бері ШҚО Достық үйі 10 млн теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсеткен.

Мұқтаж жандарға азық-түлік жиынтығы, медициналық маска мен дәрі-дәрмек таратылды.

Осы бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Соңғы жаңалықтар