3 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі: Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2018 жылғы 3 сәуірге арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Штрих-код пайда болған күн

1973 жылы дәл осы күні IBM компаниясы штрихтап кодтау әмбебап технологиясын ұсынды. Штрих-код - әртүрлі қашықтықтағы және әртүрлі жуандықтағы жолақтардан тұратын компьютерлік есептеу түрі.  Жолақтар арасындағы комбинация белгілі бір сандарға сәйкес келеді. 0-ден 9-ға дейінгі сандар екі немесе үш нұсқамен (сет) беріледі. Алғаш рет штрих-код Wrigley's сағызына қойылған.


Дүниежүзілік сауық кеші күні

Бұл күнді құру идеясы алғаш рет америкалық жазушы Ванна Бонтаның «Ұшу» романында айтылған. Роман 1995 жылы жарыққа шыққан, оның соңы 2000 жылдың 3 сәуіріне дейін уақыттың кері есептелуімен аяқталған. 1996 жылдың 3 сәуірінде алғашқы Дүниежүзілік сауық кеші күні аталып өтті.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық саясат жөніндегі Мемлекеттік комитет құрылды.

1997 жылы Семей қаласындағы Ленинград көшесіне әнші Жәнібек Кәрменовтің есімі берілді.

1999 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия - біздің ортақ үйіміз» атты кітабы жапон тілінде жарық көрді.

2002 жылы Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік  туралы» Заңы қабылданды.

2006 жылы Германияның Зоесте қаласында Исламды зерттеу жөніндегі институттың қызметкерлері түгендеу жұмыстарын жүргізу кезінде мұрағаттан иврит тіліне аударылған Құран кітабын тауып алды. Аударма осыдан 150 жыл бұрын жасалған. Кітап Лейпцигте басылып шыққан.

2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін қалқымалы көпір пайдалануға берілді. Қалқымалы көпір Отырар ауданының Балтакөл ауылдық округының жағалауын біріктірді. Көпірдің ұзындығы - 110 метр, ені - 4,5 метр.

2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық «Нұр Отан» ХДП мүшелері және жауынгер-интернационалистер Батырлар аллеясын құрды. Батырлар аллеясы Мақтаарал ауданының Атакент ауылында жасалған.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде 2010-2015 жылдарға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасы дамуына көмек көрсету жөніндегі шеңберлі бағдарламасына (ЮНДАФ) қол қойылды.

2010-2015 жылдарға арналған аталмыш бағдарлама бес жылда бір рет қабылданады. ЮНДАФ - Қазақстан - БҰҰ ынтымақтастығын анықтайтын негізгі құжат. Бұл ынтымақтастықтың негізгі стратегиялық құжаты болғандықтан, ол ЮНДАФ БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, ЮНИФЕМ, ЮНЭЙДС сияқты БҰҰ-ның арнайы құрылымдарымен қарым-қатынастың жалпы бағытын айқындайды.

2009 жылы Алматыда «Қазпошта» АҚ ел аумағында «Еуропа» сериясы бойынша Халықаралық астрономия жылына арналған екі марка енгізілгенін мәлім етті. Жаңа маркаларда Галилейдің портреті мен табиғат аясындағы телескоп бейнеленген.

2013 жылы Алматыда филигранды техниканы меңгерген танымал хирург Нұртас Қазыбаевтың құрметіне мемориалдық тақта қойылды.

2016 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кубаның ұлттық қаһарманы Хосе Марти мемориалына гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы  рәсім аяқталған соң мемориал музейін аралап көріп, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

2017 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынасты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Гейдар Әлиев» орденімен марапатталды. 

2017 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанда елдің азаттығы мен аумақтық тұтастығы жолында қаза тапқан батыр перзенттері жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүлдестесін  қойды.

1998 жылы Америка Құрама Штаттарының Атланта қаласында балмұздақ пен газдалған судан әлемдегі ең үлкен коктейль жасалды. Коктейльдің жалпы мөлшері - 9480 литр.

 

ЕСІМДЕР

null 103 жыл бұрын (1915-1942) ақын ЖҰМАҒАЛИЕВ Абдолла дүниеге келді.

Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан. Батыс Қазақстан облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институт) бітірген.

1938-1939 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі «Жазушы) баспасында редактор болған. 1936 жылдан жұртшылыққа ақын ретінде таныла бастаған. Оның шығармалары өршіл пафос пен нәзік те сыршыл лиризмге толы. «Таңдамалы өлеңдері», «Өшпес жалын», «Өлмес өмір дастаны» атты жинақтары жарық көрді. «Токио», «Шығыс қызы», «Асан қайғы» атты поэмалары бар.

Ақын Лермонтовтың, Низамидің, Байронның жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қасым Аманжолов ол туралы «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын жазды.

null 98 жыл бұрын (1920-1994) орыс әдебиетінің классигі, проза шебері, стилист, киносценарист НАГИБИН Юрий Маркович дүниеге келді.

Мәскеу қаласында туған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Әскери тілші ретінде Сталинградта, Ленинград түбінде, Минск, Вильнюс, Каунасты азат етуге қатысты.

«Майданнан қайтқан адам», «Үлкен жүрек», «Екі күш», «Адам және жол», «Алыс пен жақын», «Ерте көктемде», «Менің алтын енем», «Қызыл басты жасыл құс» секілді прозалық шығармалар жинағының авторы. Сонымен қатар «Құбыр» және «Қысқы емен» әңгімелерімен де танымал. «Төраға», «Директор», «Қызыл шатыр», «Түнгі қонақ» фильмдерінің сценариін жазған.



null 72 жыл
 бұрын (1946) ақын, жазушы, аудармашы, сыншы АЛДАМЖАРОВ Бекділдә дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. «Лениншіл жас» газетінде (қазіргі «Жас алаш»), «Жазушы» баспасында, Қазақ теледидары музыка редакциясында жұмыс істеген. Қазір «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Оның «Нөсер», «Жыл мезгілдері», «Айлы түндер», «Нұр мен түнек», «Іздедім сені», «Мизам айы», т.б. өлеңдер кітабы, «Қара нөсер», «Жықпыл», «Ұлы сел», т.б. романдары жарық көрген. Ол Фирдоусидің «Шахнама» эпосының «Мәнушеһір» және «Кей Хосроу» дастандарын, грузин шайыры Отар Челидзенің балаларға арналған «Алхан мен Шалхан» дастанын және Александр Пушкин, Александр Блок, Пабло Неруда, Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенский, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Сын жанрында да қалам тартқан.

65 жыл бұрын (1953) ҚР еңбегі сіңген әртіс МЫРЖЫҚБАЙ Кенжеғали Тұрсынбекұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясының вокал-хор факультетін (1981) «опера әншісі, концерттік әнші, педагог» мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Алматы өнер академиясының музыкалық спектакльдер режиссурасы факультетін (1996) «музыкалық режиссер» мамандығы бойынша бітірген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (1997 жылдан); өнертану профессоры (2003 жылдан). 10-нан астам мақаланың авторы, бұқаралық ақпарат құралдарына көптеген сұхбат берген. Оның қатысуымен болған 6 опералық спектакль және 3 жеке концерт Қазақстандық радио және телевизияның алтын қорына енгізілді. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1981 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі. 1996 жылдан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия үлттық университетінің доценті, профессоры. 1997 жылдан - Ақмола мемлекеттік филармониясының директоры, көркемдік жетекшісі. 1998 жылдан - Астана қалалық Музыка академиясы жеке ән орындау кафедрасының меңгерушісі. 2007 жылдан - ШҚО Мәдениет басқармасының бастығы. 2009-2012 жж - ШҚО Мемлекеттік филармониясының директоры болған. Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі.

 

null 60 жыл бұрын (1958) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЕРКІМБЕКОВ Серік Жексембекұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Қазақстан Композиторлар одағының аға консультанты болып бастаған. 1986-1998 жылдары - Алматы консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы. 1998-2007 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы болған. Композитордың «Мәңгілік алау» балеті, оркестр мен фортепьяноға арналған концерті, органға арналған «Шығыс аспаны» музыкасы, «Шолпы», «Тас аруақ» хореографиялық билері, «Жұлдыздар аңыздары» аспаптық сюитасы, бірқатар романстары мен әндері бар. Сондай-ақ ол бірқатар спектакльдер мен кинофильмдерге арнап музыка жазған.




51 жыл бұрын (1967) Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы НҰҒМАНОВ Амангелді Шайхоллаұлы дүниеге келді.

Ол Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Жаңатаң ауданында туған. «Қайнар» университеті «Құқықтану» факультетін (1999) заңгер мамандығы бойынша, Халықаралық құқық қорғау органдарының академиясын (Будапешт қ., 2002) «халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік басқару факультетін (2004) «мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша бітірген.

1988 жылдан - Ақтөбе облысы «Жайсан» кеңшарының агрономы. 1988-1992 жылдары - Мәртөк аудандық өсімдіктерді қорғау стансысының жетекші агрономы. 1992 жылдан - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімшілігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1994 жылдан - Ақтөбе облыстық кеден басқармасының қызметкері. 2002 жылдан - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі Кеден ісі саласындағы қылмыстармен және құқық бұзушылықтармен күрес департаментінде басқарма бастығы. 2003 жылдан - ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының студенті. 2004 жылдан - Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Мамандар басқармасы бастығының орынбасары; 2005 жылдан - бастықтың орынбасары; 2006 жылдан - БҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті Мамандар басқармасының бастығы, 2008 жылдан - Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы; 2009 жылдан - Жамбыл облысы Кедендік бақылау департаментінің бастығы. 2010-2012 жылдары Павлодар облысы Кедендік бақылау департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2012 жылдан «Самұрық­Қазына» ұлттық әл­ауқат қоры» басқару тобының­ мүшесі - «ХимПарк СЭЗ басқару компаниясы» АҚ атқарушы директоры болған.

2013 жылдың 10 шілдесінен бастап «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің төрағасы.


49 жыл
 бұрын (1969) жазушы, әдеби редактор, суретші КАЛАУС Лейля дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Қазақстан-Дебют» әдеби конкурсы І сыйлығының лауреаты.Суреттері «Аполлинарий», «Простор», «Нива» журналдарында, сондай-ақ «Кіші жібек жолы» (Ташкент» альманағында, «Чайка» (АҚШ)  журналдарында жарияланған. Бірнеше кітаптары жарық көрді.


44 жыл
бұрын (1974) Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі НҰРКЕНОВ Жомарт Жұмағалиұлы дүниеге келді.

Ол бұрынғы Целиноград қаласында туған. Ақмола аграрлық университетін және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Константиновский» өндірістік кооперативінде мал дәрігері болып бастаған. 1998 - 2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі Ақмола облысының аумақтық басқармасында жауапты қызметтер атқарды. 2012-жылдың ақпан айынан бастап 2013 жылдың маусым айы аралығында Ақмола облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы қызметінде болды. 2013 жылдан бастап 2018 жылдары аралығында Атбасар ауданының әкімі, Аршалы ауданының әкімі, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымдарын  атқарды.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың ақпанынан.


42 жыл
бұрын (1976) Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімі ЕЛЕУСІЗОВ Мәди Қанатбайұлы дүниеге келді.

Ол Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист, 2007 жылы Ресей кеден академиясын (Мәскеу қ.) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
1997-2009 жылдары - «Южбозой» акционерлік қоғамының, Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасының экономисі. 2009-2010 жылдары - Ақтөбе облысы әкімі аппарат жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі, «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық бөлімшесі басшысының бірінші орынбасары. 2015-2016 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы болған.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың шілдесінен.


33 жыл бұрын (1985) Н.А.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ТІЛЕНДИЕВА Динара Нұрғисақызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдан бері.









null 156 жыл бұрын (1862-1945) ресейлік кескіндемеші және график ПАСТЕРНАК Леонид Осипович дүниеге келді.











null 57 жыл бұрын (1961) американдық киноактер, продюсер Эдди МЭРФИ дүниеге келді.

 

Соңғы жаңалықтар