3 наурыз күні елімізге 356 Қазақстан азаматы ПТР анықтамасыз келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 3 наурызында Қазақстан аумағына Германия, Ұлыбритания, Корея, БАӘ, Египет, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 302 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 946 адам, анықтамасыз 356 ҚР азаматы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 519 жолаушы, анықтамамен - 1 484, анықтамасыз - 35;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 543 жолаушы, анықтамамен - 300; анықтамасыз - 243;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 101 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 60; анықтамасыз – 78.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 2 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша анықтамасыз келген барлық 246 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.


Соңғы жаңалықтар