3 мыңдай қандасымыз Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қандастардың Қазақстан азаматтығын алу рәсімі жеңілдетіліп, мерзімі қысқартылды. Жыл басынан бері Қазақстан азаматтығына 2 935 отандасымыз осындай тәртіппен қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ішкі істер министрлігі этникалық қазақтардың Қазақстан азаматтығын қабылдау тәртібін жеңілдету үшін біршама шара қабылдады.

«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қандастарға бір мезгілде Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан азаматтығына қабылдауға құжаттар ұсыну мүмкіндігі заңды түрде енгізілді. Бұрын олар бұл процедуралардан бөлек өтетін, ал тұрақты тұру рәсімі 2 айға созылатын.

Бұдан соң бір ай ішінде тұруға ықтиярхат дайындалды, содан кейін ғана Қазақстан азаматтығына алдын ала құжат тапсыруға болады. Бұл 3 ай көлемінде қаралатын», делінген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, қазір барлық үш кезең бір уақытта өтеді. Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының азаматтығына 2 935 отандасымыз осындай тәртіппен қабылданған.

Қазіргі уақытта осы мысал бойынша қандастарға қандас куәлігін беруден бастап азаматтыққа қабылдауға дейінгі жұмыстарға тартылған барлық мемлекеттік органдардың (ЕХӘҚМ, СІМ, ІІМ, АҚДМ, жергілікті атқарушы органдар) жұмысының бірыңғай алгоритмі енгізілуде», делінген хабарламада.

Нәтижесінде:

- олар тек ХҚКО-ға бір рет жүгінеді (әр мемлекеттік органға жеке емес);

- құжаттар тізімі екі есеге қысқарады;

- барлық кезеңдерден өту мерзімі 90 күн (материалдарды қазіргідей кезек бойынша емес, барлық мемлекеттік органдар бір мезгілде қарайды).

Еске сала кетсек, 1 қыркүйектен бастап тарихи отанына оралған этникалық қазақтар үшін төрт мемлекеттік қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіле бастады.



Соңғы жаңалықтар