3 маусымда елордада өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады. Мәжіліс қашықтан жұмыс істеу режимін жалғастырады.
10:30-да ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова мен ҚР БҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбайдың қатысуымен 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша брифинг өтеді. Тікелей эфир министрліктің Facebook -тегі парақшасында жүргізіледі.
11.00-де ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаровтың халық алдында есеп беру кездесуі онлайн түрде өтеді.
АЛМАТЫ
15.00-де Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі «Целинный» заманауи мәдениет орталығының таныстырылымы мен тұжырымдамасын талқылау бойынша онлайн тыңдалым өткізеді.