3 бала мен ер адамның өмірін қиды: Қызылордада көлік жүргізушісіне үкім шықты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында төрт адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі көлік жүргізушісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 2019 жылдың 21 қарашасында облыс орталығының негізгі көшелерінің бірінде болды. «Toyota Camry-30» маркалы көлікті тізгіндеген 20 жастағы қала тұрғыны таңғы сағат 9.00 шамасында жол ережесін бұзып, бір бағытта келе жатқан «Mercedes-Benz S-140» көлігін соқты. Содан кейін автобус аялдамасында тұрған адамдарды қақты.

«Жол-көлік оқиғасынан 55 жастағы ер азамат, 7 жасар қыз бала және 9 жасар екі ұл бала көз жұмды. Ал 31 жастағы азаматша ауыр дене жарақатын алды. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен жол апатына себепші болған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды, көлік құралын 7 жылға дейін жүргізе алмайды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енді», - деді Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі Сая Темірбекова.


Соңғы жаңалықтар