29 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке 30 жыл: бейбітшілік, келісім, болашағы біртұтас ұлт» атты халықаралық конференция өтеді.

11.00-де Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі...» халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

11.00-де онлайн-көрсетілім форматында ҚР Ішкі істер министрлігінің брифинг өтеді. Брифинг тақырыбы: «Учаскелік полиция инспекторы - құқық бұзушылықты алдын алудың негізгі тұлғасы». Брифинг барысында азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіп мәселелерін шешудегі учаскелік инспектордың рөлі мен орны, қызмет көрсетілетін учаскелердегі халықпен кері байланыс тетігі туралы түсіндірілетін болады.

19.00-де «Рухани жаңғыру мәдени орталығы» Назарбаев университеті «Әлеуметтік даму қорының» демеушілігімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан, сен менің жүрегімдесің!» атты концерттік бағдарламаны өткізуді жоспарлап отыр. Кеш ZOOM бағдарламасы бойынша онлайн фоматында өтеді.


Соңғы жаңалықтар