29 қараша. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 29 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1957) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Мұратбай Сматайұлы ЖОЛДАСБАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Қызылжар ауданының Қызыл Октябрь ауылында туған. В.П. Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтының «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» факультетін бітірген (1981), инженер-механик. 1975 жылдан - Жамбыл облысы Қызылжар ауданы «Қызыл октябрь» ұжымшарының жұмысшысы. 1981 жылдан - Жамбыл облысы Қызылжар ауданы «Жаңа Тұрмыс» кеңшарының бақылаушы механигі; 1982 жылдан - бас инженері. 1992 – 2007 жылдары - «Сарыбұлақ» кеңшарының директоры, «Сарыбұлақ» ААҚ президенті, Жамбыл облысы Қордай ауданы «Сарыбұлақ» ЖШС президенті. 2003 жылдан - «KAZEXIM group» ЖШС директорының орынбасары, «Маис Агро» ЖШС директоры. 2006 жылдан - «Маис Агро» ЖШС директорының аграрлық саясат жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары. 2007 жылдан - Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі. 2009-2014 жылдары - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2014 жылғы қазан айынан бері. «Құрмет» орденімен (1999), «Астана» медалімен марапатталған.

48 жыл бұрын (1971) ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы СҰЛТАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер және жүйелер» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы нарығының бағалы қағаздар басқармасының акционерлеу және лицензиялау бөліміне жетекші маман болып жұмысқа тұрды. Қаржы министрлігінде бөлім бастығы (1995), басқарма бастығының орынбасары (1996), Бюджет департаменті директорының орынбасары (1997), Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры (1998), Қазынашылық департаменті директорының орынбасары (1999), Бюджет департаменті директорының орынбасары (2001), Мемлекеттік бюджет департаментінің директоры (2002) қызметін атқарды. 2002 - 2003 жылдары Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры. 2003 - 2006 жылдары - экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі. 2006 - 2007 жылдары - ҚР Статистика агенттігінің төрағасы. 2007 жылғы қаңтар-тамыз - ҚР Қаржы вице-министрі. 2007 жылғы тамыздан бастап - ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2010 жылғы наурыздан бастап - ҚР Президентінің көмекшісі. 2012 жылғы қаңтардан бастап - ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2013-2014 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі. 2014-2018 жылдары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі. 2018-2019 жылдары – Астана қаласының әкімі. Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың маусымынан.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар