+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

29 қаңтар. Туған күн иелері

2020 жылғы 29 қаңтар 08:08
Бөлісіңіз:
29 қаңтар. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 29 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1930-1992)қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Санжар Оразұлы ЖАНДОСОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Өзбекстандағы Қоқан мұнай техникумын, Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық Ғылым Академиясын бітірген.

Атырау облысындағы Қосшағыл, Құлсары мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде, Қазақ КСР жоспарлау комитетінің экономисі, Алматы қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы облыстық партия комитетінің насихаттау бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік теле-радиохабарлары комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан КП ОК-нің ғылым мен оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, Кәсіби-техникалық білім беру мемлекеттік комитетінің төрағасы, Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы, Еңбек жөне әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасы қызметтерін атқарған.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі 3-шақырылым депутаты. Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің тұңғыш президенті. Қазақстанның демократиялық жаңаруына, республика экономикасының нарық қатынасына ауысуына және елімізде жеке кәсіпкерліктің дамуына зор үлесін қосты. «Принципы оптимизации регионального планирования», «Системный анализ в региональном планировании», «Оптимизация отраслевых и региональных комплексов Казахстана» (бірлескен авторлықта), «Экономические проблемы размещения сельского хозяйства в Казахстане» (бірлескен авторлықта) атты кітаптардың авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

44 жыл бұрын (1976) ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Берік Серікұлы ОСПАНОВ дүниеге келген.


Ол Алматы облысында туған, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Агроөнеркәсіп кешені салаларындағы басқару және экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1997 жылы Мыңбаев атындағы тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтың қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтында экономист болып бастаған. 2001-2002 жылдары - Экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру (ЭАӨК) және ауылдық аумақтарды дамыту (ААД) ғылыми-зерттеу институтында (ҒЗИ) аға ғылыми қызметкер. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлім бастығы. 2003-2004 жылдары - ЭАӨК және ААД ҒЗИ директорының ғылым жөніндегі орынбасары. 2004-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамыту стратегиясы департаментінің директоры. 2009 жылы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті. 2009-2015 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2015-2016 жылдары - «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссиясының төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдан бері. «Құрмет» орденімен (2012) және «Тыңға 50 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015) және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» (2014) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.


36 жыл бұрын (1984) «Хабар» агенттігі» АҚ басқарушы директоры Елдос Бигелдіұлы НӘШІРӘЛІ дүниеге келді.

2005 жылы Тараз мемлекеттік педогогикалық универсиетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мэсси университетінің (Жаңа Зеландия) түлегі (2009).
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бас сарапшысы (2010-2012); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы (2012); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Баспасөз қызметінің инспекторы (2012-2016). Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры (2016-2018)
Қазіргі қызметінде 2019 жылдан бастап.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT