29 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 29 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

29 ақпан - Кібісе күні. 2020 жыл - кібісе жыл. Яғни төрт жылда бір келетін, 366 күнге созылатын жыл.


АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні

EURORDIS сирек кездесетін ауруларды зерделеу бойынша еуропалық ұйымның бастамасымен жылдағы ең сирек ай - 29 ақпан - халықаралық сирек кездесетін аурулар күні мәртебесін ресми түрде алды. Жыл 28 -не аяқталса, сол күні атап өтіледі. Оның мақсаты - жұртшылық назарын сирек кездесетін аурумен ауыратын адамдардың пробемасына аудару, олардың өміріне ықпал ету.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстандағы «Комсомолмұнай» ұжымы «Маңғышлақмұнай» бірлестігінен шығып, жеке акционерлік мекеме болуды талап етті.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде қазақстандық кәсіпкерлер ассоциациясы тіркелді.

Ассоциацияның мақсаты – кәсіпкерлердің заңды, ұйымдасқан және экономикалық құқықтарын қорғап, еркін шаруашылық жүргізуге қажетті жағдай жасау.

1992 жылы Ташкент қаласындағы Халықтар достығы сарайында Қазақстан мен Өзбекстан ақындарының айтысы өтті. Айтыстың бас жүлдесі Қазақстан ақыны Әсия Беркеноваға берілді.

2008 жылы Петропавлдағы мұражай кешеніне Абылай хан кезеңіндегі Құран сыйға тартылды. Құранды мұражайға қалалық мешіттің бірінің молдасы Қуаныш Беркімбаев берген. Араб тіліндегі қасиетті басылым Қызылжар ауданында молда болған, облыстағы ауылдардың бірінде тұратын екі ағайындыда сақталған. Кейінірек жәдігерді ағайындының бірі - Беркімбаевтың күйеу баласы оған сыйлады. Мамандар кітаптың Абылай-хан билігі кезінде, яғни шамамен 1740-1780 жылдары шығарылғанын анықтады. Қасиетті кітаптың мұқабасы қымбат былғарыдан жасалған.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің № 113 бұйрығы негізінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі корпоративтік басқару кодексі бекітілді. Кодекстің мақсаты Ұлттық холдингтің корпоративтік басқаруын жетілдіру және жүйелеу, ұлттық холдингті басқарудың барынша ашықтығын қамтамасыз ету және холдингтің тиісті корпоративтік басқару стандарттарын ұстануға әзірлігін растау.

2012 жылы Бас әскери прокуратурада экстремизмге қарсы күрес бөлімі құрылды.

2016 жылы ҚР Ұлттық мұражайында «Тағдыр тоғыстырған» деректі көрмесі ұсынылды. Келушілердің назарына Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, ұлтаралық қатынастар және этномәдени құрылымдар туралы құжаттар, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша хаттар, 1936-1949 жылдары Қазақстанға қоныс аударған Солтүстік Кавказ халықтары (шешендер, ингуштар, балқарлар), қырым татарлары, кәрістер, гректер, немістер, украиндар, литвалықтар, латыштар, эстондықтар, әзірбайжандар, армяндар, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған христиан дін қызметшілерінің жеке істері ұсынылды.

Бүкіл мұрағаттық-құжаттық кешен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекет саясатын көрсету, сталинизм жылдары түрлі ұлт өкілдерін паналатқан қазақ халқына олардың алғысын және құрметін көрсету үшін құрылған.

Соңғы жаңалықтар