+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

28 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 28 наурыз 07:00
Бөлісіңіз:
28 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2020 жылғы 28 наурызға арналған күнтізбені ұсынады.

Жер сағаты

Дүниежүзілік тұмса табиғат қоры ұйымдастыратын жаһандық дәстүрлі халықаралық акция. Ол жыл сайын наурыздың соңғы сенбілерінің бірінде өткізіледі. 2020 жылы Жер сағатының уақыты – жергілікті уақытпен 20:30-дан 21:30-ға дейін.

Акцияға сәйкес, осы күні аталған уақытта түрлі елдердің тұрғындары жарық пен басқа да электр жабдықтарын бір сағатқа өшіріп қояды. Акцияның мәні – жұртшылықтың назарын ғаламшарымыздың климатының өзгеру мәселесіне назар аудару, өз қолдауын көрсету.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1920 жылы Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының жаңа тарихының құжаттама орталығы құрылды.

1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Мәскеуге алғаш рет ресми сапармен барды. Кремльде Қазақстан-Ресей келіссөзінің қорытындысы бойынша саяси, экономикалық, әскери және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа қатысты 23 құжатқа қол қойылды.

2000 жылы Шәкен Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы, Қазкинопрокат және Мемлекеттік фильмдер қоры Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» РМҚК-на біріктірілу жолымен қайта құрылды.

2003 жылы құны $160 млн, ұзындығы 448,8 шақырым және бастапқы жылдық қуаты 6 млн тонна «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының бірінші кезеңі ресми түрде ашылды. Акциясының 51% «ҚазМұнайГаз» компаниясына, ал 49% - CNPC компаниясына тиесілі.

2007 жылы Петропавлда «Мағжан» әдеби-көркем журналының бірінші саны жарық көрді. Аталмыш бұқаралық басылымда ақынның түрлі жанрдағы қазақ және орыс тіліндегі туындылары жарияланған. Жаңа басылымның басты мақсаты - қазақ поэзиясының дамуына қомақты үлес қосқан, азаматтық пен отансүйгіштіктің үздік қасиеттерін көрсете білген қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын көпшілікке паш ету. Журналдың алғашқы нөмірінде Мағжанның туындылары, ақынға арналған өлеңдер мен эсселер жарияланған.

2017 жылы қазақстандық Динара Сәдуақасова шахматтан Вьетнамда әйелдер арасында өткен 21 елдің 103 шахматшысы қатысқан халықаралық жарыста бірінші орынды иеленді.

2017 жылы Лондонда қазақстандық студенттер Орталық Азия елдерінің «Наурыз» фестивалі аясында Қазақстан мәдениетін көрсетті.

Шараға Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Иран, Түркия, Қытай, Татарстан, Өзбекстан өкілдері қатысты.

2019 жылы қазақстандық прокатқа режиссер Эмир Байғазиннің «Река» фильмі шықты, оның әлемдік премьерасы 75-ші Венециандық кинофестивалде өтті.

2019 жылы қостанайлық жеңіл атлет Сергей Поликарпов Польшаның Торунь қаласында өткен спорт шеберлері (ардагерлер) арасында жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатында 3 мың метрге жүгіруден жаңа әлемдік рекорд орнатты. Қазақстанның ардагер спортшысы қашықтықты 9 минут 43.11 секундта бағындырып, әлемдік рекорд жасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT