28 маусым. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат дүйсенбі, 28 маусымға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1942-2020) Қазақстанның саяси және қоғам қайраткері Қалық Абдуллаұлы АБДУЛЛАЕВ дүниеге келді.

Шымкент (қазіргі Түркістан) облысы Леңгір ауданындағы (қазіргі Төле би ауданы) Қасқасу ауылында туған. 1958-1963 жылдары Ташкент политехникалық институтын (инженер-электрик мамандығы бойынша), ал 1985-1987 жылдары Мәскеу қаласындағы КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар Академиясын, 1986-1987 жылдары Мәскеу қаласындағы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы Академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын «Южказэнергоның» аудандық басқармасындағы инженер қызметінен бастады. 1969 жылы Республика энергетика министрлігінің аппаратына жаңадан ұйымдастырылған диспетчерлік бірлестік басқармасына энергетикалық тәртіп қызметінің бастығы қызметіне жіберілді. 1974 жылы «Южказэнерго» аймақтық басқармасында бас инженер, кейін басқарма бастығы қызметтерін атқарып, талап қойғыш, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы, білікті маман ретінде танылды. 1982 жылы Қазақ КСР Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметіне жоғарылатылды. 1986-1992 жылдар аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары – Қазақ КСР Мемлекеттік экономикалық комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 1992 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстандық іскер ынтымақтастық орталығы «Атакент» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болды. 1996-1997 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. 1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2000 жылдан бері өзі құрған «Атакент» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің төрағасы болып келеді. Сондай-ақ 2005 жылдан бері «Академик Ш. Шокин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы міндетін қоса атқарады.

Экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік Академиясының және Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

65 жыл бұрын (1957) «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Бидахметұлы ЖӘМІШЕВ дүниеге келді.

Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1981), Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы: кеңшар агрономы (1981-1984); Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, кіші ғылыми қызметкері (1984-1992); Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі перспективалық зерттеулер орталығының директоры, Зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары (1993-1997); Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің директоры, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (1997-1999); Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі және бірінші қаржы вице-министрі (1999-2001); Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі (2001-2002); Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі және бірінші қаржы вице-министрі (2002-2003); Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары (2003-2004); Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы (2004-2006); Еуразия Даму Банкі басқарма төрағасының орынбасары – Жобалау қызметі жөніндегі басқарушы директор (2006-2007); ҚР қаржы министрі (2007-2013); ҚР өңірлерді дамыту министрі (2013-2014); «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы (2014-2019); Қазақстанның ұлттық коньки федерациясының президенті (2017 жылдан); «Цеснабанк» АҚ тәуелсіз директоры (2019 жылғы ақпаннан); «First Heartland Jýsan Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың қаңтар айынан бастап.

«Құрмет» (2005), «Парасат» (2011) ордендерімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар