28 қыркүйек күні елімізде өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 қыркүйек күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де ҚР ІІМ онлайн-көрсетілім форматында брифинг өткізеді. Брифинг тақырыбы – бұрынғы КСРО төлқұжатымен жүрген адамдардың мәртебесін реттеп құжаттандыру, әкімшілік кедергілерді жою және көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру.

12.00-де «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігі ZOOM платформасында онлайн брифинг өткізеді. Бұл жиын мигранттар мен адам саудасы құрбандарының құқығын қорғау мәселесіне арналып отыр.

12.00-де Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты «Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығы» РҚБ-мен бірлесіп, академик Н.Д.Батпеновты еске алуға арналған «Травматология мен ортопедия дамуының заманауи аспектілері және басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны онлайн форматта өткізеді.

АЛМАТЫ

15.00-де жайлы қала ортасы мәселелері бойынша №2 комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының өткен жылғы және биылғы алғашқы жартыжылдықтағы жұмысының есебі тыңдалады.

Баяндамашы - қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов. Өтетін орны - Zoom бейнеконференция платформасы.


Соңғы жаңалықтар