28 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де ҚР Парламент Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Отырыс Мәжілістің сайтында онлайн режимде көрсетіледі.
10.00-де Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты «Абай мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде баспасөз мәслихатын өткізеді.
АЛМАТЫ
9.30-да COVID-19 жаһандық дәуірі: «Коммуникация траекториясының өзгеруі. Кәсіп пен саладағы жаңа сын-қатерлер» атты онлайн PR форум өтеді.
11.00-де Вознесенкий соборында ғимараттың толық қалпына келтірілуіне арналған баспасөз шарасы өтеді.
11.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен жарық көрген ғылыми-танымдық кітаптардың тұсаукесері өтеді.