28 қазан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 28 қазан күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де ЕХРО конгресс-орталығында Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді.

10.00-де Корея Республикасы өкілдерінің қатысуымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе шаруашылығында «ақылды жылыжайдың» ашылу салтанаты өтеді.

10.00-де Zoom платформасында «Орталық Азия елдерінде жеткілікті тұрғын үй құқығына COVID-19 әсері» тақырыбына өңірлік Орталық Азия форумы өтеді. https://us02web.zoom.us/j/87142687703?pwd=M0FUVmJDS1VURTQwYnI5V2p2NDZSZz09 .

11.00-де «Барыс Арена» спорт кешенінде Denis Ten Memorial Challenge турнирі бойынша пресс-брифинг өтеді.

12.00-де ҚазГЮУ-де Глазго қаласында өтетін Тараптардың климаттық конференциясы қарсаңында және БҰҰ күнін мерекелеу аясында БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі, Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі және Италия Елшілігі КазГЮУ университетімен бірлесе отырып, «Жастар үні: Климат өзгерісіне қарсы күресте әлемді жұмылдыру» атты гибридтік форматта студенттер арасында пікірталас ұйымдастырады.

14.00-де ҚазҰАЗУ-дың ситауциялық орталығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен және жас аграр ғалымдармен кездеседі.

15.00-де «Астана Балет» театрының фойесінде Саша Денисованың «Леонид Ильич Брежневке қарсы Жарқанат адам» спектаклінің премьерасына арналған сұхбат өтеді. Журналистер сұрағына Константин Богомолов, Бронная театрының режиссері және көркемдік жетекшісі Елена Мироненко, Бронная театрының директоры Александр Семчев пен Мария Шумакова және Бронная театрының актерлері жауап береді.

15.00-де «Бәйтерек» монументі жанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған BYterekte инклюзивті шығармашылық көрмесі ашылады. Қонақтарға «ЕсілАрт» қоғамдық қоры жанындағы e15 artspace заманауи өнер шеберханасының оқушыларының жұмыстары ұсынылады.

16.00-де елорда әкімдігінде әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді. www.facebook.com/maslihat.astana.kz

16.15-те ҚР Кәсіподақтар федерациясына алғашқы ресми іс-сапарымен Өзбекстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Кудратулла Рафиков бастаған делегация келеді.

АЛМАТЫ

9.00-де «Kazzhol Park» қонақүйінде ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы және Жаһандық қордың Грантын іске асыру тобы туберкулёз және өзге өкпе ауруларын анықтау, алдын алу және емдеумен байланысты стратегиялық мәселелерге арналған Халықаралық конференция өткізеді.

15.00-де «Тұран» университеті, «Turan Film Academy» Жоғары мектебі Алматы қаласының шығармашылық жоғары оқу орындары студенттерінің түрік киносының продюсерлерімен, режиссерлерімен және актерлерімен кездесуін ұйымдастырады.


Соңғы жаңалықтар