+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

28 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 28 қазан 07:00
Бөлісіңіз:
28 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 28 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
26 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі 21 қараша. Туған күн иелері 21 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық анимация күні

1892 жылғы 28 қазанда Парижде Эмиль Рейно көрермендерді осы күнге дейін ешкім көрмеген «оптикалық театр» көрінісіне шақырды. Онда талантты өнертапқыш көпшілікке алғаш рет өзінің праксиноскоп аппаратын ұсынды, ол қозғалатын картинкаларды көрсетеді. Осы атаулы күнді анимация киносы дәуірінің басталуы деп санайды. Халықаралық анимация күні Анимация киносының халықаралық одағында (ASIFA - The International Animated Film Association) 2003 жылы бекітілген және қазір дүниежүзінде аталып өтеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1953 жылы Іле Алатауында алғаш рет өзен су электрстансасы пайдалануға берілді. Оны іске қосқаннан кейін Алматы сарқырамасының қуаты екі есеге өсті.

1992 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі әскері құрылды.

1998 жылы скрипкашы Айман Мұсақожаеваға ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем әртісі» жоғары атағы берілді.

2005 жылы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Қыз Жібек» эпосына - 500 жыл» атты көрме ашылды.

2005 жылы Жазушылар үйінің мәжіліс залында Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыздың бастамасымен жарыққа шыққан «Үн» атты әдеби журналдың таныстырылымы болды. Мұқабасында Көк бөрі мен Ай бейнеленген журналдың алғашқы санында әдебиетке қатысты сыни пікірлер, жас ақындар өлеңі мен жазушылардың әңгімелері, әлем әдебиетіндегі озық туындылардың қазақшаға тәржімаланған нұсқалары жарық көрген.

2011 жылы ҚР Ұлттық банкі номиналы 500 теңге «Көшпенділер алтыны» сериясынан «Бұланның басы» күміс монетасын айналымға шығарды. Күміс монета - «Көшпенділер алтыны» сериясының сегізінші монетасы. Оның дизайнына Қазақстан аумағындағы қазба жұмыстары барысында табылған алтын бұйымдардың бейнесі пайдаланылды. 925 сынамалы, салмағы 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы «proof», таралымы - 5 мың дана.

2012 жылы танымал қазақ жазушысы, ғалым, түрколог-ғалым, академик Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» повесть-монологы араб тіліне аударылып, Дубай Әмірлігінің мәдениет және ғылым қауымдастығының ғимаратында дубайлық аудиторияға ұсынылды.

«Үміт үзгім келмейді» деп аталатын хикаят-монологта ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты сөз болады.

2013 жылы Шымкентте «Қазмедприбор» кәсіпорнында алғашқы жергілікті рентген аппараты шығарылды. Аталмыш жоба «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып, ҚРҮдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының Өңірлік картасына енгізілді.

2013 жылы қазақстандық альпинист Андрей ГундаревАустралия мен Океанияның ең биік шыңы Карстенз пирамидасын (4884 м) бағындырды. Шың Папуа-Жаңа гвинея аралының индонезиялық бөлігінде орналасқан. Оны «Пунчак-Джая шыңы» деп те атайды. Индонезия тілінен аударғанда «Жеңіс шыңы» деген мағынаны білдіреді. Карстенз пирамидасына шығу «7 шыі» бағдарламасындағы ең күрделі белестердің бірі болып саналады.

2015 жылы Алматыда көрнекті қоғам қайраткері Герольд Бельгерге ескерткіш ашылды.Кеңсайда қойылған ескерткішті Амангелді Байғаторов басқарған шығармашылық топ жасады.

2015 жылы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қатысуымен Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орайластырылып түрік тіліндегі ақын шығармалары топтастырылған кітаптар жарық көрді. Оған түрік және басқа да аты әйгілі қазіргі заманғы шетелдік поэзияның өкілдерінің пікірлері енген.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі номиналдық құны 100 теңге болатын нейзильбер қоспасынан жасалған «Көрнекті оқиғалар мен адамдар» сериясынан «Хамит Ерғалиға 100 жыл» ескерткіш монеталарын шығарды.

Хамит Ерғали – Қазақ КСР халық жазушысы, қазақ ақыны.

2016 жылы Қытайда тарихтағы алқашқы Қазақстандағы сауда үйі пайда болды. Ол Шанхай еркін сауда аймағында Линхай» корпорациясының жақын арада ашылған азық-түлік орталығының аумағында орналасты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT