+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

28 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 28 қаңтар 07:00
Бөлісіңіз:
28 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 28 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Жеке мәліметтерді қорғау күні

Жеке мәліметтерді қорғау туралы конвенцияға сәйкес 28 қаңтар Мәліметтерді қорғау күні болып белгіленді. Бұл күнді өткізудегі мақсат - азаматтардың өздері туралы қандай мәліметтерді не үшін жиналып жатқанынан хабардар ету болды. Бұл күн 2007 жылы белгіленді және алғаш рет сол жылы атап өтілді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1955 жылы Қазақ КСР халық әртісі Асқар Тоқпанов Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы жанынан театр факультетін ашты, 1977 жылы оның базасында Алматы театр-көркемсурет институты құрылды. 1989 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтына Қазақстанның тұңғыш халық ағарту комиссары, мәдениет пен өнерді дамытуға сүбелі үлес қосқан Темірбек Қараұлы Жүргеновтің есімі берілді. 1993 жылы Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институты Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы №236 қаулысына сәйкес, бұрынғы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты мен Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы негізінде Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы құрылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

1993 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдады.

1994 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында ұлы Абайдың шәкірті, ақын Көкбай Жанатайұлы атындағы қор ашылды.

1994 жылы «Қазақстан-Заман» бірлескен қазақ-түрік газетінің базасында қазақ тіліндегі халықаралық тәуелсіз апталық - «Түркістан» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді. Бірінші бас редакторы - Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов.

2010 жылы Ақын Мұзафар Әлімбаевтің соғыс жылдарында Татарстан композиторы Мақсұт Латиповке жолдаған өлеңдері мен хаттары Астанадағы Қазақстанның ұлттық мұражайына табысталды. Қолжазбаларды Татарстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Сағиқ Жақсыбаев тапсырды. Хаттың жартысы орыс тілінде, жартысы – қазақ тілінде, ал соңғы сөздері латын әліпбиімен жазылған.

2010 жылы Шымкент арқылы ағып өтетін Қошқарата өзені айрықша қорғалатын аумақ мәртебесіне ие болды. 12,3 гектар аумақ - өзен бастауын алатын бұлақтан қаланың ортасындағы Ордабасы алаңына дейінгі жер бұдан былай қалалық дендрабақтың бөлігі болып саналады.

2011 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Болашақты бірге жасайық!» Жолдауын таныстырды.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) өзінің ресми сайтын, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі веб-ресурсы - ortcom.kz таныстырды.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Тайқазан», «Amir Timur», «Боран», «Шәкен Айманов», «8 наурыз» және «Баскетбол. Олимпиада ойындары-2016» естелік монеталарын шығарды. Монеталар 925-ші сынамалы күмістен шығарылған. Максималдық тиражы - 3 мыңнан 13 мың данаға дейін.

2015 жылы Қазақстан «Ғарыш байланысының республикалық орталығы» (ҒБРО) АҚ және ресейлік «Академик М.Ф.Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйелер» ААҚ қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне тапсырыс беруші және оны дайындаушы ретінде «KazSat-3» ғарыштық байланыс жүйесін құру туралы жариялады. Қазақстанда «KazSat-2» және «KazSat-3» ғарыш аппараттарының топтамасы құрылып, еліміз «KazSat» спутниктік байланыс пен хабар таратудың ғарыштық жүйесінің толыққанды иесі атанды.

2017 жылы Алматыда Бүкіләлемдік XXVIII Универсиада басталды. Оны хоккейшілер бастап берді. Спорттың осы түрінен Универсиада медальдарын Ұлыбритания, Қазақстан, Канада, Қытай, Словакия, Латвия және Жапония құрамалары сарапқа салды.

2017 жылы Венгрияның Шымкент қаласындағы консулдығының ашылу салтанаты өтті. Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулы болып «OTAU Group» компаниясының президенті, белгілі меценат Қайрат Молдасейітов тағайындалды. Бүгінгі таңда Венгрия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең белсенді экономикалық әріптесі. Географиялық алшақтығына қарамастан, Қазақстан ТМД елдерінің арасында Ресей мен Украинадан кейін Мажарстан 3-ші сауда серіктесі.

2018 жылы Қытайда өткен Global golden chart awards салтанатында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Үздік әртіс» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Салтанатты шара Бейжіңдегі «Жұмысшылар» стадионында өтті. Димаш қытай тілінде ән айтты.

2019 жылы Атырауда Қазақстанның халық әртісі, дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияровқа ескерткіш орнатылды. Қаршыға Ахмедияров шебер орындаушы ғана емес, өскелең ұрпақты өнер жолына баулыған, ұлттық сананың қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген педагог болды,

Бес жасында қолына алған қазақтың қасиетті домбырасы өмірлік серігіне айналды. Қаршыға Ахмедияров белгілі күйшілердің шығармаларын орындап қана қойған жоқ, өзі де 60-тан астам күй шығарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT