28-30 маусым күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысатын солтүстік-батыс циклонына байланысты бұл аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«29 маусымда солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жауады, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді. Елдің тек батыс облыстарында скандинавиялық антициклонға байланысты жаңбыр жаумайды», - делінген синоптиктердің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар