27 жастағы маңғыстаулық вакцина салдырып, пәтер ұтып алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «Екпе салдыр да, пәтер ұтып ал» науқанының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 жастағы маңғыстаулық тұрғын Қайрат Қосаевқа 38-інші шағынауданда орналасқан 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Жаңа үйді «К7 Group» құрылыс компаниясы салған.

Жеңімпаздың айтуынша, вакцинаны ол ұтысқа қатысу үшін емес, өз денсаулығын күту мақсатында салдырған. Ол облыс тұрғындарын қазіргі эпидемиологиялық ахуалға салмақты қарап, екпе алуға шақырды.

«Ұйымдастырушыларға көп рақмет. Бастапқы уақытта бұл науқанға сенген жоқпын. Қазір шынайы екеніне көзім жетіп отыр. Қуаныштымын. Жеке баспанам жоқ еді, енді ата-анам Ақтауға көшіп келгенде тұратын үйі дайын», - деді Қайрат Қосаев.

Еске сала кетейік, науқан бір жарым айға дейін созылды. 40-қа жуық адам бағалы сыйлықтардың иесі атанды.


Соңғы жаңалықтар