Қызылордада 27 жастағы жігіт көршісінің депозитіндегі ақшаны өзіне аударып алған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 27 жастағы жігіт көршісінің банк қосымшасындағы ақшасын өзінің шотына аударып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылордада 27 жастағы жігіт көршісінің сенімін пайдаланып, оның депозиттік шотынан 304 мың теңгені өз шотына аударып алған. Көршісі одан өзінің депозиттік шотын банктің мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп беруді сұраған.
«Бір айдан кейін жәбірленуші шотта ақшаның жоқтығын байқап, Қызылорда қаласының Полиция басқармасына арызданған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
- Жамбылдық полицей әйелді көлігімен қағып, мерт қылды
- Алматы облысында ауа райына орай республикалық трасса жабылды
- Шуда жергілікті тұрғынның үйінен 17 келіден астам марихуана тұқымы табылды
- Қазақстанда жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
-
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға сотталды
-
Қызылорда облысында 6 мың түлек сегіз тестілеу орталығында ҰБТ тапсырады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам