27 қаңтарда «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен (Жарғының 9.5. тармағына сәйкес) 27 қаңтарда партияның Саяси кеңесінің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды», - деп жазды ол Twitter-де.

Еске салайық, 28 қаңтарда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтеді. XXI съезге 399 делегат сайланды.


Соңғы жаңалықтар