26 жылда теңге қалай өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда 15 қарашада Ұлттық валюта күні аталып өтеді. Дәл осы күн қаржыгерлердің кәсіби мерекесі саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ұлттық валютамыз теңгеге 26 жыл толды. 1993 жылы 12 қарашада ҚР Президентінің 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығару туралы Жарлығы жарық көрді. Дәл осы күні Президент халыққа үндеу жариялады.

«Осы уақыттан бастап Қазақстанның шынайы тәуелсіздігінің маңызды кезеңі басталады. Бұндай тарихи сәттер ел өмірінде бір-ақ рет болатын ірі оқиға», - деді Н.Назарбаев.

26 жылда теңгенің 4 сериясы шықты. Бірінші ақшамыз Ұлыбританияда басылып шықты. 1995 жылы өз банкнот фабрикамыз ашылды.

Ұлттық валютаның алғашқы легінде «Портреттік серия» қолданылған. Авторлар банкнот беттерінде қазақтың ұлы тұлғаларының суреттерін жариялады.

Осылайша тұңғыш рет ақша бетінде әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан Уәлиханов, Абай, Әбілқайыр хан, Абылай хан бейнелері жарық көрді.

Ұлттық валютаның екінші легі Қазақстанда басылып шықты. Жаңа серия «Әл-фараби» деп аталды.

Шығыс ойшылының бейнесі 200-10000 теңгеге дейінгі банкноттарға басылды. Бұл ақша айналымда көп болған жоқ. Адам бейнесі салынған банкноталар тез жыртылып, мыжылатындықтан суретшілер портреттік суреттерден бас тарта бастады.

Ұлттық валютамыздың үшінші буыны 2006 жылы Бәйтерек бейнесімен жарық көрді.

Бұл жолы дизайнерлер ақша бетінде тек Қазақстанның тарихын ғана емес, сәулеті мен табиғатын да сыйғызуға тырысты. Теңгенің бетінде ашық алақан, Тұңғыш Президенттің қолы, әнұранның ноталары басылды.

«2011 жылдан бастап қазақстандықтардың қолында жаңа валюта айналымға шыға бастады. «Самұрық» сериясындағы номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңге болатын ақша пайда болды. Бір жақ бетінде «Қазақ Елі» монументі мен ұшып бара жатқан кептерлер жарияланды. Екінші жақ бетіне суретшілер Алматы қаласының, Ертіс өзенінің,Үстірт жазығының панорамасын бейнеледі» - деді Ұлттық банктен.

Монеталардың бірінші партиясы Германияда басылды. Ал қазір монеталар Қазақстан монета сарайында шығарылады. Монета сарайында инвестициялық, коллекциялық шақалар шығарылды.

Қазір айналымда номиналы 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге болатын монеталар бар. Келер жылы номиналы 200 теңге болатын монета шығады. ҚР Ұлттық банкі Коллекциялық монеталарды шығаруды 1995 жылдан бастап жолға қойған. Инвестициялық монеталар – Аu 999,9 бағалы металдардан соғылған.

Теңге өз тарихында 3 рет девальвацияға ұшырады. 1993 жылдың қарашасында $1 құны 4,7 теңге болатын. 1994 жылдың қарашасында $1 құны 50 теңгеден асты.

1999 жылы тұңғыш рет теңге әлсіреді. Жыл соңында $1 құны 138 теңгеге жетті.

Екінші девальвация салқыны 2009 жылдың соңында соқты. $1 құны 148 теңгеге жетті.

2014 жылдың қаңтарында үшінші құнсыздану толқыны келіп, $1 құны 181 теңгеге жетті.

2015 жылдың тамызында Қазақстан теңге бағамының еркін тербелісіне көшті. Бүгінде теңгенің ресми бағамы $1 – 388 теңге.

Соңғы жаңалықтар