26 маусым. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 26 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

58 жыл бұрын (1964) «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы Сәбит Ғалымұлы МАЛДЫБАЕВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1990 жылы Қостанай педагогикалық институтын филолог мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолы: Сергеевский Мәдениет үйінің басшысы (1980-1983 жж.); Қостанай педагогикалық институтында оқыды (1983-1985); Кеңес Армиясы қызметінде (1985-1987); Қостанай педагогикалық институтында оқуын жалғастырды (1987-1990); Сергеевск аудандық «Новатор» газетінде журналист, бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары (1990-1998); Сергеевск аудандық «Новатор» газетінің бас редакторы (1998); «Кешкі Астана» газетінің тілшісі, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы, «Аграрлық Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторының орынбасары (1998-2000); Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің бас редакторы, Орал қаласы (2006-2008); арнайы корреспондент, «Казахстанская правда» ААҚ-ның экономика бөлімінің редакторы (2008-2009); «Казахстанская правда» газетінің бас редакторының орынбасары (2009-2011); «Казахстанская правда» республикалық газетінің редакторы (2011 жылдан бастап).

2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

55 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысы Саян Қылышұлы АХМЕТЖАНОВ дүниеге келді.

Ақмола облысында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған. 1991-1996 жылдары аралығында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында көмекші, аса маңызды істер бойынша тергеуші, жалпы қадағалау бөлімінің бас прокуроры қызметтерін атқарған. 1998-1999 жылдары, 2002 - 2003 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Құқықтық сараптама бөлімінің консультанты, Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі қауіпсіздік департаментінің бастығы, 2005-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, Құқық қорғау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2007– 2011 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның Хатшысы және мүшесі болған. 2011 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2014-2015 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары. 2015-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы. 2016-2019 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Басқарма бастығы болып тағайындалды. 2019-2020 жж. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппарат жетекшісі. Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қазан айынан бастап.

48 жыл бұрын (1974) Қостанай қаласының әкімі Марат Қонысбайұлы ЖҮНДІБАЕВ дүниеге келді.

1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2009 жылы Халықаралық бизнес университетін бітірген.Саяси ғылымдар кандидаты. 2013-2015 жылдары Лисаковск қаласының әкімі қызметін атқарған. 2015-2020 жж. – Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020-2022 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

47 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Түрікменстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы СӘПИЕВ дүниеге келді.

Мәскеу қаласында туған. Анкара университетін (1998 ж.), Айдын Ыстанбұл университетін (2017 ж., Түркия Республикасы) Экономика бакалавры, саясаттану және халықаралық қатынастар магистрі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде жетекші экономист болып бастады және басқарма бастығы лауазымына дейін қызмет етті. 2003 жылы Алматы қаласының «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып жұмысқа ауысты. 2004-2006 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі болды. ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесіндегі дипломатиялық мансабын 2006 жылғы маусымда Түркия Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі қызметінен бастады. Кейіннен осы Елшіліктегі кеңесші-уәкілі болып тағайындалды. СІМ Орталық аппаратында 2011-2014 жылдар аралығында Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Түркия департаменті директорының орынбасары, сондай-ақ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2014-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы (Түркия) Бас консулдығын басқарды. 2018 жылдың қыркүйек айында Түркістан облысының әкімдігіне ауысып, онда 2019 жылдың наурызына дейін әкімнің кеңесшісі қызметін атқарған. Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды. I сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Түрік және ағылшын тілдерін меңгерген.

2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар