250 млн теңгеге бағаланған алтынды Ресейге алып өтпек болған адам ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Шекарадан алтыны кені салынған қаптарды заңсыз алып өтпек болған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап.

Қостанай облысында шекара арқылы бірнеше келі алтын алып өтпек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 27 шілде күні сағат 18.45-те ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облыстық Департаментіне қарасты «Қайрақ» шекаралық бақылау бөлімінде болған.

«Шекарашылар Қазақстан Республикасының азаматы мінген «Вольво» маркалы көлікті тоқтатты. Шекаралық бақылаудан өткізу кезінде көліктен «алтын кенін» тапты. Жалпы салмағы – шамамен 10 тонна. Алтын 12 дана қапқа салынған. Құжат бойынша жүк 13 тоннаны құрайтын «кварцит» заты болып рәсімделген.

Интернет-ресурстардың мәліметі бойынша 1 тонна алтын кенінен 1 келі таза алтын шығады. ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сүйенсек, 1 грамм алтынның нарықтағы құны – 25 213 теңге», – дейді Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша баспасөз қызметі

майор Манарбек Қарекенов.

Шекарадан алтын алып өтпек болған азамат мемлекетке шамамен 250 000 000 теңге шығын келтірген.


Соңғы жаңалықтар