«25 жұлдызды күн» аясында жетім балаларға қамқорлық жасалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» ауқымды республикалық акциясы жалғасуда. Бүгін Сарқан ауданында ата-ананың қамқорынсыз қалған, жетім балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарқан ауданы əкімдігінің ұйытқы болып, өңір кәсіпкерлерінің  қолдауымен өткен шарада аз қамтылған, ата-ананың қамқорынсыз қалған жəне жетім 50 балаға материалдық көмек көрсетілді. Республикалық акцияға орайластырылған игі шара жөнінде аудан əкімі Ерғазы Қошанбеков сөз сөйлеп, аудандағы қайырымды азаматтарға өз алғысын жеткізді. Аудан басшысының айтуынша, мемлекет пен қоғам жетімдерді жебеп, аз қамтылған топтарды қолдауды маңызды міндет деп біледі.  Тәуелсіздіктің торқалы тойына орай өтіп отырған бұл шара да соның бір дәлелі. Жас бүлдіршіндердің жүректеріне қуаныш, көңілдеріне нұр сыйлаған бұндай науқан алдағы уақытта әлі де жалғасын табады. Шара бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, қарапайым жұртшылықтың да көңіліне ерекше жылылық берді.
null  

Еске сала кетейік, Алматы облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығын кең көлемде атап өтудің кешенді жоспары әзірленген болатын. Мерекенің негізгі бағдарламасына қосымша айтулы күнге айшықты реңк беретін 25 ірі шара облыс тұрғындарына ерекше сый болмақ. «25 жұлдызды күн» 21 қарашадан басталып, 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал мерейтойлық шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларын қамтиды. Атап айтқанда, жұлдызды күндер аясында заманауи кәсіпорындардың ашылуы, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, түрлі қайырымдылық шаралары, тұрғын үйлерді және басқа да әлеуметтік маңызды нысандарды пайдалануға беру, спорттық жарыстар, кітаптардың, деректі фильмдердің тұсаукесерлері және басқа да шаралар бар.
null  

Бұдан бөлек, «25 жұлдызды күннің» аса ірі оқиғасының бірі ретінде бір күнде 25 балабақшаның қатар ашылуын атап өтуге болады. Олардың барлығы да мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде салынған.

null 

Соңғы жаңалықтар