25 жастағы елорда тұрғыны бір түнде үш рет ұрлыққа түскен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен бұрын сотталған 25 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық Полиция депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың түнгі уақытта терезені бұзып кіріп, үй-жайдан ақша ұрлағаны анықталды.

Ол бір дүкеннен 7 мың теңге ұрлаған. Бұл оған жеткіліксіз болғандықтан ұсталған азамат асхана орналасқан көрші ғимаратқа бет алған. Үй-жайға кіріп, ол 20 мың теңге сомасында қолма-қол ақша ұрлаған. Бірақ жас жігітке бұл да жеткіліксіз болып, ол келесі дүкенге қарай беттеген. Ол дүкен терезесін бұрағыштың көмегімен бұрап ашып, ол жерден 6 мың теңге ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлерінің көмегімен ұсталған күдікті өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті сақ болуға, кеңселер мен дүкендердің бөлмелерін бейнебақылау камераларымен жабдықтауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар